Сайрамдық полицейлер бір тәулікте 230-дан аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады
Сайрамдық полицейлер бір тәулікте 230-дан аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Сайрам ауданы аумағында қыркүйек айынан бастап көшелер мен жолдарда жол қозғалысы ережесін сақтау және жол-көлік оқиғасының алдын алуға бағытталған іс-шаралар қарқынды жүргізілді.
Профилактикалық-рейдтік іс-шара барысында жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілердің мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыстар атқарылды. Күшейтілген тәртіпте қызмет атқарған жол-патрульдік полиция тобының қызметкерлері аудан тұрғындарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қауіпсіздік белдігін қолданбау, мас халде көлік құралын басқару, ұялы телефон пайдалану, құжатсыз көлік құралын басқару, қарсы бағытқа шығу, маневр ережелерін бұзу жайттарына көп көңіл бөлінді.
Сайрам ауданының тәртіп сақшылары күндіз-түні рейдтік іс-шаралар өткізудің нәтижесінде алғашқы күні тәулігіне 230-дан аса әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтады. Үздіксіз жүргізілген профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде аудан орталығы мен жолдардағы жол қозғалысы айтарлықтай реттелді.
Ал Сайрам ауданында жыл басынан бері мас халде көлік құралын басқарудың 32 жайты тіркелген, оның ішінде екінші рет мас халде көлік басқарған бір адам сот үкімімен бас бостандығынан айырылды.
Ішкі істер органдарының халықпен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ аудан аумағында жол қозғалысы тәртібін сақтау және жол апатының алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Өз кезегінде аудан полицейлері ескертеді.
Қоғамдық тәртіпті сақтап, заңға бағыныңыздар. Қандай да бір құқық бұзушылық іс-әрекетке куә болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыздар.