Санжар Әділов курсанттарға оқиға орнын тексеру бойынша практикалық сабақтар өткізді
Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов Павлодар қаласының оқу орталығының курсанттарымен кездесіп, оқиға болған жерді тексеру бойынша практикалық сабақтар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Санжар Аскенұлы ішкі істер министрлігінің тергеу бөлімшесінің қызметі туралы айтып, тергеу органдарының мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін жеткізді. Сондай-ақ қылмыстың жекелеген түрлеріне тоқтала отырып, азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартудың жалпы шарттары туралы айтты.
– Негізгі тергеу әрекеттерін жүргізу дағдыларын игеру – оқу процесінің ажырамас бөлігі. Бұл үлкен абырой мен сенім, өйткені сіздердің әрқайсыларыңыз оқу орталығының қабырғасында оқып, отанды және азаматтардың заңды құқықтарын қорғауға байланысты мамандыққа саналы қадам жасайсыз. Бүгінгі таңда ішкі істер органдарына жоғары білімді және кәсіби кадрлар қажет. Қазақстандық полицияның болашағы оқу орындарының қабырғасында алынатын білімі мен моральдық-психологиялық дайындыққа байланысты екенін есте ұстаған жөн, – деп атап өтті Әділов.
Санжар Аскенұлы өзі тергеп-тексерген қылмыстық істерден мысалдар келтіріп, оқиға орындарын қарау кезіндегі нюанстар туралы айтып, курсанттардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында тәртіп сақшысы жас курсанттарға қызметте сәттілік тілеп, болашақ полицейлерге үлкен үміт артатынын айтып, олардың жақсы дайындығын атап өтті.