Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте алаяқтықтың екі жайты анықталды

Шымкентте алаяқтықтың екі жайты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші жағдайда 35 жастағы Шымкент тұрғыны шағын қаржылық ұйымнан ақша аламын деп 140 мың теңгесінен айырылды.

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің бес жылдан бергі танысы шағын қаржылық ұйымнан екі рет 75 мың теңге көлемінде несие шығарып беремін деп 140 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, тәулік ішінде ұсталды. Ол Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Белгілі болғандай, ұсталған азаматша бұған дейін қаладағы аурухалардың бірінде медбике болып жұмыс жасаған.

Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Кезекті жайт Әл-Фараби ауданында болды. Полиция басқармасына жергілікті азаматша арызданған. Оның сөзінше, 41 жастағы азамат пәтер жалға беремін деп сеніміне кіріп, қолма-қол 80 мың теңгесін аллып, қайтармаған.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Ұсталған азаматтың жасы 41-де, тұрақты жұмысы жоқ. Қала аумағында пәтерлерді жалға беріп, пайда табуды кәсіпке айналдырғаны анықталды.

Тергеу барысында оның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды.

Қазіргі кезде аталған дерек ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру