Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта 18 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті

Сарыағаш қаласында ауыр жүк көлік жүргізушісі 18 жасар қызды қағып кетті. Алған дене жарақатынан жаяу жүргінші жан тәсілім етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайғылы оқиға ақпан айының 24 күні орын алған. Алғашқыда зардап шегуші Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.

Сондай-ақ сот наркологиялық сараптамадан өткізу кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталған.

Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа  дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру