Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саранда бойжеткеннің ұялы телефонын тартып алған ер адам қамауға алынды

Саранда бойжеткеннің ұялы телефонын тартып алған ер адам қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым күні сағат 23:00 шамасында Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне Коминтерн көшесіндегі үйдің жанында тонау жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жедел-тергеу тобы келді.

Қылмыс қатты күшпен болған. Жәбірленуші 19 жастағы қыз үйіне түнде қайтып келе жатқанын түсіндірді. Ол жаяу жүріп ұялы телефонмен сөйлесіп тұрғанда кенеттен белгісіз біреу оған шабуыл жасаған. Шабуыл жасаушы жәбірленушіні бірнеше рет ұрып, оның қолынан ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткен.

Бойжеткеннің айтуынша, полицейлер күдіктінің фоторобот жасаған. Бұл 35-40 жас шамасындағы, қара киім киген ер адам болған. Оның үстіне, полицейлер бұл адаммен бұрын кездесіп үлгерген, портреттен танылды.

Жедел-іздестіру шарасында полицейлер бұрын мүліктік қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер алынды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дәл осындай қылмыс 6 маусымда Абай ауданында орын алған. Абай ауданы ПБ Топар полиция бөліміне 51 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Анықталғандай, ол күндіз аурухана аумағынан өткен. Ер адам ұялы телефон ұстағанын көрген. Күтпеген жерден оған белгісіз біреу жүгіріп жетіп, ұялы телефонын қағып түсіріп, құрылғыны алып із-түзсіз жоғалып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 15 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері “ізін суытпай” ашып, күдікті 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ұялы телефоны алынып, жәбірленушіге қайтарылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру