Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ер адам жүк көлігінің бір бөлігін ұрлап кеткен

Қарағанды облысында ер адам жүк көлігінің бір бөлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының ПБ-не ауылдардың бірінің 36 жастағы тұрғыны арызданған. Ол елді мекеннен бірнеше күнге шығып кеткенін айтты. Белгісіз біреу арызданушының жоқтығын пайдаланып, жүк көлігі тұрған жеке үйінің ауласына кірген.

Шақырылмаған келушінің нысанасы – автокөлік болған, ол одан үлкен металл бөлшектеп алған. Келтірілген шығын көлемі 30 мың теңгені құрады. Бірақ ең бастысы, бұл жүк көлігі алынған бөлшексіз жүрмей қалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, жәбірленушінің 52 жастағы ауылдасын ұстады. Ол ұрланған затты металл қабылдау орынан тапсырғанын мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

6 маусымда Абай ауданы ПБ Топар полиция бөліміне елді мекендердің бірінің 35 жастағы тұрғыны жүгінген. Белгісіз біреу оның құны 400 мың теңге тұратын мотоциклін ұрлап кеткені белгілі болды. Көлік жеке ғимараттың ауласында болған. Қаскөй мотоциклді көшеге қолмен әкеліп, оны іске қосып, ізін суытқан.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол мотоциклді металл қабылдау орындарына тапсыруды жоспарлағанын түсіндірді. Жағдай қалпына келген соң оларды сатып немесе жай ғана металл қабылдауға бермек болған. Бірақ полицейлердің жедел әрекетімен көлік жәбірленушіге қайтарылды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру