Саранда ер адам үйдің жертөлесінен металл бұйымдарын ұрлап кетті
Саранда ер адам үйдің жертөлесінен металл бұйымдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 наурызда Қарағанды облысының Саран қаласының полиция бөліміне 53 жастағы қала тұрғынының өтініші келіп түсті. Оның айтуынша, белгісіз адам бұрандалы құлыптың кілттерін алып, үйдің жертөлесіне кіріп, металл пеш пен трактордың бөлшектерін ұрлап кеткен. Шығын 60 мың теңгені құрады.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
9 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол ұрланған металл бұйымдарды металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырғанын түсіндіріп, кінәсін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.