Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер “Мен және менің полицейім” акциясын өткізуде

Ақтөбелік полицейлер “Мен және менің полицейім” акциясын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы 2022 жылды балалар жылы деп жариялады. Президент Қазақстан халқына Жолдауында өскелең ұрпаққа ерекше назар аударуға шақырып, балалардың әл-ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі екенін атап өтті.

Осыған орай, балалар жылы аясында ақтөбелік полицейлер “Мен және менің полицейім” акциясын өткізуде. Тәртіп сақшылары кәсіби бағдар беру мақсатында жасөспірімдерді полиция жұмысымен таныстырады, сондай-ақ азаматтармен өзара сенім артады. Акцияны өткізу кезеңінде ювеналды полиция бөлімшелерінің учаскелік инспекторлары, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері дәрістер, әңгімелесулер және тақырыптық ойындар өткізеді.

Сонымен қатар, полицияның есебінде тұрған қолайсыз отбасылардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізілуде. Сондай-ақ, өз кезегінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелері тақырыбында оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

11 сәуірден бастапАшық есік күніаясында полиция қызметкерлері оқушылардың ішкі істер органдары мекемесіне баруын ұйымдастырып, экскурсия өткізді. Онда Жедел басқару орталығының қызметімен таныстырып, облыстық ПД мұражайына барды.

Оқушылардың көз алдында облыс аумағында құқық қорғау органдарының қалыптасу тарихы пайда болды. Облыстық ПД мұражайының меңгерушісі Айша Утеулина бүгінгі таңда мұражайда халық милициясынан бастап қазіргі заманғы салтанатты формаға дейін тәртіп сақшыларының нысанды киім-кешегініңжелісіқұрылғанын, міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған қару-жарақ, экспозицияларының жиналғанын, әрбір экспонаттың ерекше құндылығы мен тарихы бар екенін айтты. Сол күні полицейлер жоғары сынып оқушыларын Жедел басқару орталығымен таныстырды, балалар бейнебақылау камераларының жұмысын көре алды, тіпті оларды өз бетінше басқарып та көрді.

Одан әрі жоғары сынып оқушыларын облыстық ПД Жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен кездесу күтіп тұрды. Арнайы бөлімше жауынгерлері балаларға жеке қауіпсіздік шаралары бойынша қоян-қолтық ұрыс негіздерін көрсетті.

Басқа мектептердің оқушылары ПД кинологиялық қызмет орталығына барды. Балаларға жарылғыш заттарды, есірткілерді іздеу және қылмыскерлерді ұстау бойынша қызметтік иттердің дағдылары мен біліктері көрсетілді. Ынталы балалар өздерінің эмоцияларын жасырмады.

Біз қуанып, жарқын эмоциялар алдық, полиция қызметі туралы көптеген қызықты нәрселер білдік, ал көбісі болашақ мамандығын таңдауға шешім қабылдады, – деп балалар өз эмоцияларымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, “Мен және менің полицейім” республикалық акциясы Ақтөбе облысының аумағында 11-15 сәуір аралығында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру