Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағаш полицейлері жаяу жүргіншіден марихуана тапты

Сарыағаш полицейлері жаяу жүргіншіден марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейдтік тексеру кезінде жүрісі күдік тудырған жергілікті тұрғынды тоқтатты. Тінту барысында оның шалбарының оң жақ қалтасынан ақ түсті қағазға оралған есірткіге ұқсас затты тапты. 

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың салмағы 26 грамм марихуана екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру