Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарыағашта шеберханадан телефон ұрлаған ер адам анықталды

Сарыағашта шеберханадан телефон ұрлаған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сарыағаш АПБ-ға арызданған жергілікті тұрғын телефонының ұрланғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, аудан орталығындағы велосипед жөндейтін шеберхана ішінен оның OPPO 5 телефонын белігісіз біреулер алып кеткен. Жәбірленушіге 100 мың теңге шығын келген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Полицейлер ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ақпарат көздеріне сүйене отырып, орта жастағы күдікті ер адамды анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Күдіктінің телефонды өзі қолдану мақсатында ұрлағаны белгілі болды. Бүгінде полицейлер айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефонды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Жәбірленуші ұялы телефонын тауып берген полиция қызметкерлеріне үлкен алғысын білдірді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру