Сарыағашта тұрғын үйге ұрлыққа түсіп, 1,5 млн сом ұрлаған күдікті ұсталды
Сарыағашта тұрғын үйге ұрлыққа түсіп, 1,5 млн сом ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарығаш аудандық полиция бөліміне ер адам арызданған. Оның айтуынша, 16:00 шамасында тұрғын үйіне белгісіз біреу кіріп, жиhаз тартпасында тұрған Өзбекстан Республикасының 1,5 млн сом купюрасын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.
Ақпарат алған бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алады. Нәтижесінде, күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды.
Анықталғандай, күдікті ер адам үйде ешкім жоқтығын пайдаланып, ұрлыққа түскен. Күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ер адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.