Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаев қаласында танысының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды

Сәтбаев қаласында танысының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қаңтар күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, белгісіз біреу оның атына 124 мың теңге несие рәсімдегені туралы хабарлаған. Жәбірленуші азаматша оның атына несие рәсімделгенін банктен үстеме ақы төлеу бойынша хабарлама келгенде бірақ білген.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында жәбірленушінің үш апта бұрын танысына шұғыл қоңырау соғу үшін ұялы телефонын бергені белгілі болды.

Жедел іс-әрекеттер барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды. Күдікті азаматша жәбірленішінің ұялы телефонын пайдалану арқылы несие рәсімдегені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру