Сәтбаев қаласының полицейлері бөтен біреудің автокөлігін заңсыз айдап әкеткен қала тұрғынын ұстады
Сәтбаев қаласында біреудің автокөлігін заңсыз айдап әкеткен 22 жастағы күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қараша күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық полиция бөліміне қала көшелеріндегі үйлердің бірінің ауласынан 26 жастағы қала тұрғынына тиесілі құны 300 мың теңге тұратын ВАЗ-2112 автокөлігін белгісіз біреудің айдап әкеткені туралы хабарлама түсті.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 22 жастағы азамат ұсталып, ол қылмысын мойындады.
Ұрланған автокөлік иесіне қайтарылды.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188- бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.