Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет алаяқтары азаймай тұр

Сәуір басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтыққа қатысты 5 дерек тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері құжаттар мен банк карталарының фотоларын,  код пен құпиясөздерді жіберуге болмайтындығы туралы түсіндіру жұмысын жиі жүргізіп тұратындарына қарамастан,  тәжірибе көрсетіп отырғандай,  қаскөйлер көп жағдайда арам ойын тікелей жүзеге асырады.

Адамдардың аңқаулығын және психологияны пайдалана отыра, алаяқтар ақшаны бірден банк карталарынан қолды қылуға тырысады.  

Петропавл қаласында тұратын 26 жасар қыз хабарландырулар сайты арқылы көлігіне жаңа қозғалтқыш сатып алмақшы болады. Тауардың арзан болғанына қуанып, сатушының шартына, яғни алдын ала төлемді толық жіберуге келіседі.

Нәтижесінде ол жіберілген банк картасының реквизиттеріне 320 мың теңге аударған. Келесі күні сатушы байланысқа шықпай қояды, сондықтан жәбірленуші полицияға жүгінуге мәжбүр болады.  

Шал ақын ауданында тұратын 31 жасар ауыл тұрғынына әлеуметтік желіде жақын туысынан хабарлама келіп түседі.  Хабарламада карта реквизиттерін және телефонына келіп түсетін SMS хабарламаның мәтінін жіберу қажеттігі туралы айтылған. Талаптарды орындаған ер адам интернет-банкинг арқылы өзінің картасынан басқа картаға ақша аударылғаны туралы анықтайды.

Полицейлер екі факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

СҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша,  қаскөйлер ақшаны түрлі жолдармен жымқырады және олар әрекет ететін сценарийлер жылдам өзгеріп отырады. Конкурста ұту,  банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалу, көп саудаланбайтын және арзан тауарларды сату – адамдардан реквизиттерді жылдам жіберіп,  алдын ала төлемді,  “комиссия” және т. б. төлеуді сұрайды. Кез-келген ұсынысты жан-жақты тексеріп,  интернет-сатушылардың репутациясын міндетті түрде зерделеу қажет және басқа сатып алушылардың комментарийлерін оқыған жөн.  

Сәуір айы басталғалы Солтүстік Қазақстан облысында бес интернет-алаяқтық тіркелді.

Полицейлер алаяқтардың қазіргі жағдайды пайдалана отырып,  карантин кезінде құжаттарды ресімдеу,  жәрдемақы алуға қатысты  белсенді әрекет етулерін жоққа шығармайды.

Солтүстікқазақстандықтарды интернет желісінде жүзеге асыратын қаржы операцияларына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз,  алаяқтық орын алған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру