Семей қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімі тұрақты негізде шетелдіктерді есептеуді жүзеге асырады
Семей қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімі тұрақты негізде шетелдіктерді есептеуді жүзеге асырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта Семей қаласы бойынша 2454 шетелдік тіркелген, оның ішінде ТМД елдерінің азаматтары – 1808, алыс шетел азаматтары – 428, азаматтығы жоқ адамдар – 120 және қандастар – 98.
Шетелдіктердің де, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардың да құқыққа қарсы іс-қимылдарының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрулары бойынша Семей қаласының аумағында тұратын шетелдік азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді.
– Оның барысында шетелдіктерді уақытылы тіркеу бойынша шаралар қолданбағаны үшін Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысы бойынша 5 тәулік мерзімге Семей қаласы ПБ арнайы қабылдағышына орналастыра отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша -11, 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе құжаттарсыз тұруды бұзғаны үшін 492-бабының 4-бөлігі (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша – 5 , Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша -1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп түсіндірді КҚҚБ бастығының орынбасары М. Егізтаев.