Семей қаласының мұражай қорына Абайдың жеті атасы көрсетілген Тобықты руының таңбасы табыс етілді
Семей қаласының мұражай қорына Абайдың жеті атасы көрсетілген Тобықты руының таңбасы табыс етілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің қызметкерлері Семей қаласының мұражай қорына Абайдың жеті атасы көрсетілген Тобықты руының таңбасын табыс етті.
Мәдени шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымыз бен тарихи-мәдени мұраларымызды кеңінен насихаттай отырып, музей ісінің қоғамдағы маңыздылығын арттыру. Ерекше сыйды мекемедегі жазасын өтеуші өз қолымен қолөнер бұйымын жасағанын айтты.
– Осы таңба мұражайдың төрінде тұрғанын шын жүректен қалаймын. Әкем шебер адам, ол көргенін айнытпай салатын керемет суретші, әрі құлпытасшы болатын. Кішкентайымнан әкемнің қасында көмекші болып жүріп, оның салған суреттеріне қызығатынмын. Сол әкемнің әсері шығар, сурет салып, ағаштан бұйым жасауда құштарлығымды ашқаны ,- дейді жазасын өтеуші шебер.
– Адамзат тарихының қалыптасуы мен кейінгі ұрпаққа өнеге болып қалуы үшін әдебиеттің алар орнын ерекше екендігін айтып өту қажет. Әрі көне, әрі мәңгі жас тарихтың тағылымдарының талай ұрпаққа рухани ескерткіш болары ақиқат. Қай халық болса да өзінің өткенін, қайталанбас тарихын, салт-дәстүрін көзінің қарашығындай сақтап, қастерлеп ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етеді , – дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы Арслан Мұхаметжанов.