Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде 10 Өзбекстан азаматы елден тысқары шығарылды

Рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін шетелдіктер елден тысқары шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мигрант” ЖПІШ өткізу шеңберінде   көші-қоны  заңнамасын бұзғаны үшін ШҚО-да 100-ден астам  азамат әкімшілік жауапкершілікке  тартылды.

– Шетел азаматтарының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргендерін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда,-  деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Айта кетсек, Семей қаласында 10 Өзбекстан Республикасының азаматтары жеке тұлғада еңбек қызметін жүзеге асыру үшін рұқсат алған, алайда уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке кәсіпкердің көп қабатты үйінің құрылысында жұмыс жасаған.

Жеке кәсіпкер көрсетілген құқық бұзушылық бойынша мемлекет кірісіне 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеу қажет, ал шетелдіктер соттың шешімімен Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдіктерге бес жыл мерзімге ҚР кіруге тыйым салынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру