Семейде алаяқ танысының атынан несие рәсімдеп алған
Семейде алаяқ танысының атынан несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қалалық ПБ Орталық ПБ кезекші бөліміне 47 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Ол маусым айының басында таныс жігіт қаржылық көмек көрсету сылтауымен оның атына 680 мың теңге сомасында ақшалай несие ресімдегенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері жауап алу кезінде кінәсін мойындаған 19 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады.
Қаскүнемге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.