Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде дүкен сатушысы жұмыс берушісінің 3 млн теңгеден астам қаржысын иемденіп кетті

Семейде дүкен сатушысы жұмыс берушісінің үш миллион теңгеден астам қаржысын иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 14 қазанында Семей қ. Полиция басқармасы Орталық ПБ «102» жедел арнасына 44 жастағы ЖШС басшысы арызбен жүгінді. Ол 2021 жылғы 4-11 қазан аралығында кезеңінде дүкеннің 26 жастағы сатушысы сауда үйлерінің бірінде жұмыс орнында, бес дана ұялы телефонды иемденіп, жымқыруға жол берген. Келтірілген залал шамамен 3,5 миллион теңгені құрады.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері аталған күдіктіні жеткізді, ол тергеу барысында кінәсін мойындады. Белгілі болғандай, ол аталған ұялы телефондарды ломбардқа өткізген, ал ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта заттай дәлелдемелер тәркіленді, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру