Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде мас жүргізуші әйел жол-көлік оқиғасының себепкері болды

Ақтөбеде мас жүргізуші әйел жол-көлік оқиғасының себепкері болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 24 қазаны сағат 23:25 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Сәңкібай батыр даңғылы бойындағы жол жиегіне соқтығысқан “Ваз 2109” автокөлігін тоқтатты. Тексеріс барысында 54 жастағы әйел көлік құралын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде басқарғаны анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының полицейлері автокөлік құралдарының жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Мас күйде көлік рөліне отырмаңыз, оның салдары орны толмас шығындарға әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру