Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен ҚР ІІМ министрінің орынбасары келді

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен ҚР ІІМ министрінің орынбасары келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сапар аясында министрдің орынбасары “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының іске асырылу барысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жария еткен полицияның сервистік моделінің енгізілу барысын тексерді.

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары өңірдегі Полиция департаментінің бірқатар нысандарын аралады. Олардың қатарында Ақтау қаласының жағалауындағы “Каспий” модульдік стационарлық бекеті мен жаңадан пайдалануға берілген “Достық” модульдік пункті бар. Посттарда бейнекамералардың көмегімен аймақты толық бақылау жүзеге асырылады және тәулік бойы қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, министрдің орынбасары Ақшұқыр және Батыр елді мекендеріндегі учаскелік пункттерде болды.

Мұрат Баймұқашев учаскелік инспекторлардың халықпен жұмысының жаңа форматының сапасымен, білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде іс-қимыл тәртібімен танысты.

Мұрат Баймұқашев атап өткендей, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге білім беру, денсаулық сақтау органдарын, коммуналдық қызметтерді және жұртшылықтың кең тобының өкілдерін тарту қажет. Ақтау қаласында жоғарыда аталған ведомстволардың қызметкерлерінен ведомствоаралық топтар құру жоспарлануда, олар құқық бұзушылықтар бойынша статистикалық деректерді талдау және зерделеу негізінде ықпал ететін себептерді анықтайды және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде қойылған міндеттерді шешу жолдарын ұсынады.

Жұмыс сапарының соңында министрдің орынбасары Маңғыстау облысы ПД басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді. Онда ол кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін жоспарланған өзгерістерді атап өтті. Сонымен қатар МО ПД қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында тексеру қорытындысы шығарылып, осы жұмыс желісін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру