Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде екі жасөспірімді көлік қағып кетті

Семейде екі жасөспірімді көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының Полиция департаменті 23 тамыз күні сағат 14:20 шамасында Daewoo Nexia автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Б.Момышұлы көшесіндегі Орталық саябақ ауданындағы жаяу жүргіншілер өткелінен екі жасөспірімді қағып кеткенін хабарлайды.

Өтіп бара жатқан автомобильдің бейнетіркегішіне балаларды қағып кеткен сәт түсіп қалған. 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде адамдарды өткізіп жатқан көлікті айналып өткен және жаяу жүргіншіні қаққан, салдарынан жасөспірім қыз оқиға орнынан бірнеше метр жерге ұшып кеткен, көлік соққысы шамалы болған.

https://youtu.be/y47WFJflNH0

Қыз түрлі дене жарақатымен Семей қаласының медициналық мекемесіне жатқызылды. 

Жүргізуші ұсталды, оған қатысты іс жүргізу шешімі тағайындалған сот сараптамаларының қорытындысынан кейін қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру