Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде «Қалта» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді

Семейде «Қалта» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалта ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында Семей қаласының орталық ПБ аумағында 13-23 ақпан аралығында «Қалта» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

ЖПІШ өткізу кезеңінде орталық ПБ аумағында қалта ұрлығының тіркелуі төмендеді, осы уақыт аралығында барлығы 5 қалта ұрлығы тіркелді, оның ішінде 3 қалта ұрлығы кезекші тәулікте ашылды.

Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында орталық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері қоғамдық көлікте қалта ұрлығымен айналысқан 2 азаматты ұстады.

ЖПІШ шеңберінде ұялы телефондарды өткізу орындары тексерілді, тексеру барысында қылмыстық іс материалдары бойынша өтетін 7 ұялы телефон тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру