Семейде ҚАЖ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға барды
Аталған орталық 2005 жылдан бері жұмыс істейді, онда 480 мүмкіндігі шектеулі бала, яғни біздің қоғамымыздың ерекше балалары тәрбиеленуде.
– Бұл шара қаламыздың ерекше балаларына арналған. Оларға қуаныш сыйлау үшін көп нәрсе қажет емес, тамшы мұхитты толтырады. Кез келген жағдайда, қиындықтар мен қуаныштарда берілмеу керек деп ойлаймын, әсіресе, осындай ерекше балаларды тәрбиелеуде. Осыған байланысты мен ұйымдастырушыларға, яғни ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің басшылығы мен қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, – деп атап өтті орталық директоры Рымжан Тынысова.
Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері концерттік нөмірлермен өнер көрсетті. Балаларға арналған көңілді конкурстар ұйымдастырды. Сондай-ақ, іс-шараны ұйымдастырушыларға балаларына керемет көңіл-күй сыйлағаны үшін ата-аналары алғыс білдірді.