Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде «Сергек» жүйесімен 320 млн теңгеден астам сомаға құқық бұзғандар тіркелді

Семейде «Сергек» жүйесімен 320 млн теңгеден астам сомаға құқық бұзғандар тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айынан бастап облыс орталығында «Сергек-қорғау» бағдарламасы іске қосылды, ол нақты уақыт режимінде мемлекеттік нөмір бойынша бұзушыларды анықтайды.

«Сергек» кешенінің жанынан өтіп бара жатқан әрбір көлік сканерленеді, дерекқор бойынша тексеріледі және егер проблемалар анықталса, жүйе бұл туралы инспекторларға дереу хабарлайды.

Мысалы, осы бағдарламаның көмегімен жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден астам 39 жылдамдық режимін бұзған құқық бұзушы анықталды.

Бүгінде облыс орталығының жолдарында 1500-ден астам «Сергек» автоматты камерасы орнатылған. Олардың көмегімен ағымдағы жылдың басынан бері 320 млн теңгеден астам сомаға 20 мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді.

– Бұл бағдарлама жол қозғалысын автоматты қадағалау тиімділігін арттыру үшін ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әзірленді. Көлік тәртібін арттыруда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің автоматты жүйелері маңызды рөл атқарады», – деп түйіндеді Семей қаласы ПБ бастығы Қайрат Әбдіғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру