Семейде теміржол вокзалында ер адамнан кастет тәркіленді
Семейдің теміржол вокзалында ер адамнан кастет тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам Семей теміржол вокзалына досына көмектесу үшін, сондай-ақ оны Семей – Нұр-Сұлтан бағытына шығарып салу үшін келген. Бірақ ер адам кастетті ғимаратқа алып келгені үшін ұсталды.
Кейін анықталғандай, кастет деп аталатын зат қаладағы тұрғын үйлердің бірінің қоқыс контейнерлерінің жанынан табылған. Ер адам ықтимал салдары туралы білместен, кастеттің суық қару деп танылғандығы туралы хабардар болмай, оны рюкзакқа салып алған. Оның бар-жоғын ұмытып кеткен. Теміржол вокзалының инспекторлары өте қауіпті қару-жарақ, тірі нысанды жоюға арналған кастетті жігіттен тәркіледі.
– Бұл азамат жасаған ісіне өкініп, қазіргі уақытта қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін сотталып, пробация қызметінің есебіне қойылды. Оған бөлінген нысандардың бірінде сот үкімімен тағайындалған 80 сағаттық қоғамдық жұмыстарды өтеусіз негізде жүзеге асырылады, – деп атап өтті пробация қызметі бөлім бастығының орынбасары Инара Джусупова.