Семейдегі орташа қауіпсіздік мекемесінде бөдене өсіріледі
Семейдегі орташа қауіпсіздік мекемесінде бөдене өсіріледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бөдене өсіру осы жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді. Қазіргі уақытта мұнда 2 мыңға жуық бөдене бар, күн сайын кем дегенде 500 жұмыртқа сатылады.
– Құстардың осы тұқымын өсірудің артықшылығы олардың диеталық еті мен жұмыртқасы бар деп санаймыз. Оларды ұстауға кететін шығындар басқа құстармен салыстырғанда аз. Қазір колонияда 600 бөдене жұмыртқасы бар инкубатор сатып алынады. Бұл колониядағы құстардың санын көбейтеді. Қазіргі уақытта ет пен жұмыртқаны өткізу мәселесі шарттар жасасу сатысында тұр, – дейді «САБР» ЖК директоры Қуаныш Түсібаев.
Бүгінде мекемеде жеті ЖК және екі ЖШС жұмыс істейді, олардың қызмет түрі: металл конструкциясы, қолданбалы өнер, дәретхана қағазы мен ішкі есіктер жасау. Мекемеде барлығы 300-ден астам сотталушы жұмысқа орналастырылды.
– Маған өзімнің жұмысым ұнайды. Құстарға қараймын. Менің жаза өтеу мерзімім 13 жыл. Бала кезімнен мен құс пен малға деген қызығушылығым болатын. Мен өзімнің жақсы көретін ісіммен айналысып жүргеніме қуанамын, еңбек ақымды ай сайын аламын, сотпен тағайындалған талап арызымды өтеудемән, туыстарыма көмектесемін, – деп өзінің жағдайымен бөлісті сотталған Д.