Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер жүргізушілерге ерекше тәсілмен қыс мезгілінде ЖҚЕ сақтау туралы ескертті

Қостанайда полицейлер жүргізушілерге ерекше тәсілмен қыс мезгілінде ЖҚЕ сақтау туралы ескертті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы “ҚазАвтоЖол “ҰК” АҚ Қостанай облыстық филиалымен бірлесіп, жүргізушілерді ескерту үшін арнайы автокөлікке орнатылған LED-экранда мәтіндік роликтер көрсетілімін ұйымдастырды.

“Абайлаңыз! Көктайғақ!”, “Жылдамдық пен қашықтықты сақтаңыз!”, “Кілт манерверлер жасамаңыз!” деген профилактикалық жазулар LED-экранда таратылады.

Бұл көлік облыс орталығында да, көлік құралдарының көп жиналатын жерлеріне де, қала сыртындағы трассаларында да жүре отырып, патрульдейді.

– Көптеген автокөлік әуесқойлары жазғы резеңкенің қысқы резеңкеге ауысуын кешіктіруде. Көліктің маусымдық дайындығы қыста апаттардың көбеюінің жалпы себебі. Жүргізушілерге ауа райы жағдайларын, жолдағы көріну мен нақты жағдайларды ескере отырып, қозғалыс жылдамдығын таңдауды ұсынамыз, – деп атап өтті ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жеңіс Бисембаев.

Ауа-райы нашарлаған жағдайда, Қостанай облысының жолдарында патрульдік полицияның қосымша нарядтары тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру