Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Елордалық тұрғын үйдің балконында дәрет сындырған азамат бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада ер адам тұрғын үйдің кіреберісіндегі ашық балконда орынсыз әрекет жасап, жеңіл дәрет сындырғаны камераға түсіп қалған.

Ер адам Т.Шевченко көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінің ашық балконының кіреберісіндегі орынды былғағаны белгілі болған.

Сарыарқа аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторлары түскен ақпарат бойынша аталған аумаққа барып, қоғамдық тәртіпті бұзушыны анықтаған.

Полицейлер оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғады.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 42 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, арнайы әкімшілік қамауға алынғандардың қабылдау орталығына орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру