ЖБО инспекторының бір күні
Қала тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ЖБО инспекторлары тәулік бойы қызмет атқарады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Әрбір экранның ар жағында көшелерде болып жатқан жағдайларға дер кезінде ден қою оның мұқияттылығы мен жедел әрекетіне байланысты полиция қызметкері отыр.
Муслим Исабаев ЖБО-да инспектор болып жұмыс істейді. Оның қызметі үнемі зейін қоюды, мұқияттылық пен жауапкершілікті талап етеді. Ол нақты уақыт режимінде қала көшелеріндегі жағдайды бақылап, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін оқиғаларға ерекше назар аударады.
Құқық бұзушылық анықталған жағдайда Муслим Исабаев болған оқиғаны тіркеп, қажетті ақпаратты полиция жасақтарына жібереді. Мұнда болып жатқан жағдайды байқап қана қою жеткіліксіз. Оны дер кезінде бағалап, оқиға орнында жүрген қызметкерлерге жедел хабарлау аса маңызды.
Бейнебақылау инспекторының жұмысы бүкіл ауысым бойы жоғары зейінділікті талап етеді. Қаладағы жағдай үнемі өзгеріп отыратындықтан, әрбір сәт маңызды болуы мүмкін. Камералар тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізуге мүмкіндік берсе, ЖБО қызметкерлері анықталған құқық бұзушылықтарға жедел ден қояды.
Муслим Исабаев үшін бұл жай ғана камералармен жұмыс істеу емес. Әрбір экранның ар жағында азаматтардың қауіпсіздігі, көшелердегі тәртіп пен қала тұрғындарының тыныштығы тұр.
Жедел басқару орталығы — заманауи технологиялар мен полиция қызметкерлерінің кәсіби жұмысы тоғысқан орын. Үздіксіз бақылау және ақпаратты дер кезінде жеткізу полиция жасақтарына оқиғаларға жедел әрекет етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
