Семейлік жігіт бейтаныс адамның аңғалдығын пайдаланып, атына несие ресімдеген
Семейлік жігіт бейтаныс адамның аңғалдығын пайдаланып, атына несие ресімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қ. ПБ Орталық ПБ-не қаланың 18 жастағы тұрғыны жүгінді, ол 2021 жылдың мамыр айында таныс емес жігіт сауда үйлерінің бірінің жанында жүріп, алдау және сенімге кіріп, оның жеке деректерін пайдалана отырып, оның атына қаржы ұйымында 195 мың теңге сомаға ақшалай несие ресімдегені туралы хабарлады.
– Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 21 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы бойынша мүлкі тәркіленіп, 1000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Құрметті ШҚО тұрғындары, өзіңіздің, жақындарыңыздың, туыстарыңыздың, банк карталары туралы мәліметтерді, яғни кез келген құпия (жеке) ақпаратты бейтаныс адамдарға (жеке байланыс кезінде де, телефон арқылы да немесе интернет-хат алмасу арқылы да) хабарламаңыз.