Шымкентте тәулік ішінде 100-ге жуық қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушіге хаттама толтырылды
Шымкентте тәулік ішінде 100-ге жуық қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушіге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бір тәулікте жол үстінде қауіпсіздік белдігін тақпаған 95 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырды.
Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану қағидаларын сақтамау – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.