Шахтинск қаласында 11 жасар жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетті
Шахтинск қаласында 11 жасар жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қазанда Қарағанды облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ер адам белгісіз біреу жеке үйдің ауласынан көлікті ұрлап кеткенін жеткізді. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіруде ұрланған көлікті қала көшелерінің бірінде ұстады. Көлікті 11 жастағы жасөспірім басқарған. Жасөспірім жәбірленушінің баласы екені белгілі болды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылды.