Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотпен тыйым салынған экстремистік ұйымның белсендісі құрықталды

Қызылордада сотпен тыйым салынған экстремистік ұйымның белсендісі құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, “Таблиғи жамағат” діни экстремистік ұйымының жақтасы – 48 жастағы облыс тұрғынына қатысты жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді.

Нәтижесінде, Д. есімді азамат сотпен тыйым салынған діни экстремистік ұйымының шарттары мен дәстүрлерін ұстанып, оның қызметін ұйымдастырып, жақын діни байланыстарына діни алауыздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылатын ақпараттарды үйрете отырып насихаттаған.

Сонымен қатар, діни экстремистік ұйымының жиындарын қала аумағында ұйымдастырып, жасырын уағыздар жүргізгені анықталды.

Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында, “Д”-ның іс-әрекеттерінде құқық бұзушылықтың белгілері байқалғандықтан, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қызылорда қалалық сотының 2021 жылғы 20 қыркүйектегі Үкімімен Д. есімді ер адам кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына жауапкершілікке тартылып, пробациялық бақылауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру