Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айырылған қарағандылық қайтадан мас күйінде ұсталды

Көлік жүргізу құқығынан айырылған қарағандылық қайтадан мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қазанда Қарағанды ​​қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күнделікті қызметіне кірісті. Сағат 18.30 шамасында полицейлер Архитектурная көшесімен қозғалып келе жатқан көлікті байқады. Көлікті басқарған 35 жастағы ер адамнан алкогольдік ішімдіктің исі шыққандықтан, тиісті сараптама қызметіне жүгінді.

Сараптама қорытындысы жүргізушінің алкогольдік мас күйде болғанын анықтады. Ұсталған адамның бір айдан сәл астам уақыт бұрын сот шешімімен кез келген көлік құралын басқару құқығынан сегіз жылға айырылғаны белгілі болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын мас күйінде басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру