Шахтинскіде ұрлық жасаумен айналысып жүрген ер адам анықталды
Шахтинскіде ұрлық жасаумен айналысып жүрген ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шахтинск қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне сауда нүктелерінің иелерінен ұрлық бойынша арыз түсті. Мәселен, белгісіз біреу сауда орнының бірінен азық-түлік, екіншісінен құны 12 мың теңге тұратын электрондық темекі ұрлап кеткені белгілі болды.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Сонымен қатар күдіктінің Саран қаласында ұрлық жасағаны анықталды. Бұл қалада күдікті сауда орындарына сатып алушы болып кірген. Сауда орнында жүрген кезінде өзге бір сатып алушының сөреде қараусыз қап қойған әмиянын қолды қылған. Әмиянның ішінде жәбірленушінің 250 мың теңге ақшасы болған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.