Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрғынға күш көрсетіп, телефонын тартып алған күдікті құрықталды

Түркістан облысында полиция тал түсте азаматқа күш көрсетіп, телефонын тартып алған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төле би аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тонау қылмысына қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, қылмыс күндізгі уақытта болған.

Күдікті ер адам базар ішінде жергілікті тұрғынды бас тұсынан ұрып, телефонын тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ұрланған затты сатып, ақшасын өз қажеттіліге жұмсаған. Тәртіп сақшылары қолды болған телефонды тәркілеп, арызданушыға қайтарып берді.

Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру