Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі табылды

Қызылордада тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 34-38 жастағы екі тұрғынның үйін тексеру барысында аса ірі мөлшерде есірткі табылды.

12 дана газетке оралған, 1 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп айғақ зат ретінде алынды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп салмағы 1,5 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты есірткіні сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру