Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскіде ұры тұрғынның пәтерінен 1,4 млн теңге мен бағалы заттарды үптеп кетті

Шахтинскіде ұры тұрғынның пәтерінен 1,4 млн теңге мен бағалы заттарды үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласының полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу пәтерден алтын бұйымдары мен 1,4 млн. теңге ақшасын ұрлап кеткен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, тексеру барысында полицейлер ұрының балалар бөлмесінің терезесі арқылы кіргенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары күдікті – 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру