Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саран қаласында үй ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен жігіт ұсталды

Саран қаласында үй ауласында тұрған көлікті ұрлап кеткен жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қарашада Қарағанды ​​облысы Саран қаласының полиция бөліміне қала маңындағы елді мекендердің бірінің 36 жастағы тұрғыны арызданған. Түнде белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласынан көлік ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 790 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

23 қарашада жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – көрші ауылда тұратын 20 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру