Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда әйел ұлының үстінен шағым түсірді

Павлодар қаласының тұрғыны ұлының үстінен полицияға шағым түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жақында Павлодар қаласының “102” жедел арнасына Қамзин көшесіндегі пәтерлердің бірінен қоңырау келіп түсті, онда жылап жатқан әйел үйде жанжал шығарған мас ұлын алып кетуді өтінді.

Келген учаскелік инспекторға әйел ұлын жалғыз өсіргенін, есейген кезде өміріне қауіп төндіретінін ойламағанын мойындады.

Учаскелік полиция қызметкері маскүнем баласын алып кетіп, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызды. Сондай-ақ, аталған азамат маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі.

– Алдағы уақытта бұл отбасы ерекше бақылауда және жіті назарда болады, – деп қорытындылады полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру