Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Шай-кофе»: караоке-бар қызметкерлері шетелдік клиенттерге интимдік қызмет көрсетті

Алматыда караоке-бар қызметкерлері шетелдік клиенттерге интимдік қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның караоке-барға баруы алдыңғы түнгі сағат он бірлер шамасында болды. Қызу өмір темір есіктердің арғы жағында жүріп жатты: жеңіл жүрісті 18 әйел келушілердің көңілін көтерді, олардың екеуі – Оңтүстік Корея азаматтары және тағы біреуі – Өзбекстаннан.

– Бар шәй-кофе жүйесіне сәйкес жұмыс істейді. Егер клиент кіре берісте «шәй» алғысы келсе, демек, бар қызметкерлері ақшалай сыйақы үшін олардың демалыстары біткенше қасында серіктес болады. Сонымен қатар, «кофе» караоке-бардан тыс жерде ақшалай сыйақы үшін интимді қызметтерді көрсетуді білдіреді. Мекемені екі әкімші басқарды – 1989 жылы туған Ц.есімді азаматша және 1987 жылы туған С.есімді азаматша. Осы арнайы іс-шараның нәтижесінде ПД-на барлығы екі әкімші, интимдік қызмет көрсететін 18 әйел, оның біреуі Ресей Федерациясының азаматшасы, сонымен қатар, үш шетелдік клиент жеткізілді. Әрқайсысының іс-әрекетіне заңдық баға беріліп, заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру