Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері 319 қару иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты

“Қару” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша Ақтөбе полицейлері 319 қару иесін әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының полицейлері “Қару” жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Естеріңізге сала кетейік, 1-15 ақпан аралығында облыс аумағында “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген болатын.

Іс – шараның негізгі міндеті – заңсыз сақталған атыс қаруын, жарылғыш құрылғыларды, жарылғыш заттарды анықтау және алып қою, атыс қаруын қолдану арқылы қылмыс жасаудың алдын алу, тіркелмеген атыс қаруын халықтың өз еркімен тапсыруын ұйымдастыру болып табылады.

Осы күндері облыстың полиция қызметкерлері 7 992 аңшылық және газ қаруының иелерін тексеріп, азаматтардың азаматтық және қызметтік қаруды сатып алу, сақтау, беру, сату, тасымалдау тәртібіне байланысты 319 бұзушылықты анықтады.
Заңсыз айналымнан барлығы 14 атыс қаруы тәркіленді.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары заңсыз сақталған 108 суық қаруды тәркіледі.

Барлық тәркілеу фактілері бойынша сараптама жүргізіліп, тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарға заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру