Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері “Келімсек” іс-шарасының екінші күнінің қорытындыларын жариялады

Алматы полицейлері “Келімсек” іс-шарасының екі күнінде Қазақстанда заңсыз жүрген 48 адамды елден шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еске сала кетсек, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзуын анықтау, сондай-ақ қаладағы қылмыстық ахуалды жақсарту мақсатында Алматы қаласында  15-19 ақпан аралығында “Келімсек” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Жедел-алдын алу іс-шарасының екі күнінің қорытындысы бойынша Алматыда барлығы 319 көші-қон заңнамасын бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 48 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. 158 шетелдік Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін қандастарымыздың ішінен 144 қабылдаушы жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 17 жұмыс берушіге қатысты шара қолданылды. Әділет органдарынан жасырынған 8 күдікті ұсталды, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Елден шығарылғандардың арасында Қазақстанда 2016 жылдың қаңтарынан бері заңсыз тұрып келген 37 жастағы Өзбекстан азаматы бар. Тексеру барысында аталған азаматтың бес жылдан бері полициядан мұқият жасырынғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру