Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шәй қорапшасындағы телефон: өскемендіктің айласы жүзеге аспай қалды

Өскеменде азамат сотталғанға екі ұялы телефонды шай қорапшасына тығып кіргізуге тырысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскеменде сотталғанға сәлемдеме беруге келген азамат ОВ-156/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға екі ұялы телефонды шәй қорапшасына тығып бермек болған жерде ұсталды.

- Азық-түлікті тексеру кезінде колония қызметкерлері шай пакетінен екі ұялы телефон мен SIM-картаны тауып, тәркілеген. Азаматтың айтуынша, сәлемдемені оған сотталушының әпкесі беріп, колонияда жазасын өтеп жатқан інісіне апарып беруді өтінгенін екен. Сондай-ақ, ол сәлемдемеде ұялы телефонның жасырынғанын мүлде білмейтінін түсіндірді, - деп атап өтті облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы Жанболат Қалетаев.

Аталған факті бойынша алғашқы материалдар жиналып, қызметтік тексеру жүргізілуде. Кінәлі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру