Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандылық полицейлер есірткі сатушысын ұстады

Қарағандылық полицейлер есірткі сатушысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының басында Қарағанды қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында 52 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол “гашиш” есірткі затын сатқан. Азамат әскери күзетте күзетші болып жұмыс істейді.
Тергеу кезінде күдікті мойындау көрсетпелерін берді және қазіргі уақытта қамау, бұлтартпау шарасын қолдану туралы сұрақ шешілуде.

Аталған факті бойынша яғни, есірткі заттарын заңсыз қолдану және сақтау ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Есірткі заттарын қолданғаны үшін бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айырылу түрінде ҚР Қылмыстық кодексімен көзделген қылмыстық жауапкершілік қолданатындығын ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру