Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Саяжайдағы үйге ұрлыққа түскен қызылордалық тұрғын ұсталды

Саяжайдағы үйге ұрлыққа түскен қызылордалық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 сәуір күні​ полицияға Қызылорда қаласының 53 жастағы тұрғыны орын алған ұрлық жөнінде хабарлама берді.​

Азаматшаның айтуынша,​ саяжайдағы үйінен белгісіз адамдар темір торды бұзып кіріп, шаруашылық заттарын, үй техникасын​ және үй ауласын қоршап қойған ұзындығы 140 метр темір тор қоршауларын ұрлап кеткен. Келтірілген залал мөлшері – 272 мың теңге.

Хабарлама түскен соң полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жетіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.​

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ізін суытпай ұрлыққа түскен​ күдіктіні​ анықтап,​ полиция бөліміне жеткізді.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі​ (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру