Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шардаралық полицейлер қызметін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасын мерекемен құттықтады

Түркістан облысы Полиция департаменті Шардара аудандық полиция бөлімінің басшылығы Отбасы күні мерекесіне орай өзгелерге үлгі боларлық шара ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Яғни, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан полиция қызметкері Асқар Жәрдембаевтың отбасына арнайы барып қайтты. Мерекемен құттықтай отырып, генерал-майор Қайрат Дәлбековтың марапаты мен сый-сыяпаттарын табыстады. Отбасы мүшелерінің хал-жағдайын біліп, жанұялрына жақсылық тіледі.

Өз кезегінде өмірден ерте кеткен тәртіп сақшысының жақындары полицейлерге шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Жәрдембаев Асқардың жұбайы Гаухар Жанкисеева: – Әр мерекеде елеп-секеріп құттықтап келетін полицейлерге рахмет. Ал, отбасы күні сіздерге де құтты болсын. Өзгелердің тыныш ұйықтауы үшін атқарып жатқан жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Абыройлы болыңыздар!, -деп атап өтті.


Халқының қорғаны, Гаухардай жанның асыл жары, отбасының тірегі, ұл-қызының асқар тауы болған полицей Асқар Жәрдембаев 1973 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. Ол 1997 жылы наурыз айының 8-і күні Шардара қаласындағы жатақханалардың бірінде қандықол қылмыскердің қолынан қаза тапқан. Осылайша, жарығы ерте сөнген.

Жалпы, Түркістан облысы полицейлері бүгінгі күннің батыры саналатын, халқына аянбай қызмет ете жүріп, ажал құшқан полицейлердің есімдері, оның отбасын, ұрпағын ұмытпай, әрдайым қолдан келгенше қолдау білдіріп отыруды дәстүрге айналдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да орын ала бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру