Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шетелдіктердің жұмысқа рұқсат алуы бойынша 167 өтініші қаралды

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон қызметіне 167 шетелдіктен жұмысқа орналасуы бойынша өтініші қабылданды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының көші-қон қызметі басқармасы жыл басынан бері шетелдіктердің елімізде жұмысқа рұқсат алуы және ұзартылу туралы 167 өтінішін қарады.Қаңтар айында  көбінесе Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан азаматтары жұмысқа орналасты. Жұмысшылар құрылыс, қоғамдық тамақтандыру мамандары және әр түрлі қызмет саласына жұмысқа тұрған.

Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтың айтуынша, барлық шетелдік азаматтар еңбек қызметін заңды негізде жүзеге асырмайды.Қазақстанға келу мақсаттары-еңбек қамы. Жыл басынан көші-қон қызметінің қызметкерлері осындай 19 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Шетелдік жұмыс күшін , көшіп келушілерді жұмысқа тартқаны үшін Қазақстан Республикасының 3 азаматы жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 5-бөлігіне сәйкес, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмеуі-25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға, не 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға, не Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.

Жұмысқа рұқсат алу үшін жұмыс ұсынушы көшіп келушіге уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон қызметіне құжаттардың бес түрін ұсыну қажет. Олар:өтініш-сауалнама, жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемді төлеу туралы түбіртектің көшірмесі, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (шекарадан өткендігі туралы белгісі бар), медициналық тексеруден өткені туралы анықтама, дактилоскопия және суретке түсіру.

Қаңтар айында 113 өтініш қаралды. Жыл басынан Петропавлдағы көші-қон қызметі Жамбыл көшесі, 71 «А» мекен-жайында орналасқан және жұмыс күндері демалыссыз жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру