Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде бөтен көлікті айдап кеткен тұрғын жауапкершілікке тартылды

Павлодар қаласында мас күйде бөтен көлікті айдап кеткен тұрғын сот алдында жауап береді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің күнделікті өмірі фильмнің сюжетіне негіз бола алады. Ақпан айында “Омбы-Майқапшағай”автожолының 395 километрінде оқиға орын алды. Патрульдік полиция ротасының полицейлері Бақыт Матенов пен Ербол Махметов кешке қызметіне кірісті. Түнгі ауысым құқық бұзушылықсыз өтті. Таңертең сағат 7:30-да қызметкерлердің назарын көлікті сүйреп келе жатқан көлік аудартты. Жүргізушімен сөйлескен кезде, полиция қызметкерлері алкогольдің өткір иісін байқап, оның автокөлігіне жүргізуші куәлігі мен құжаттарын талап етті.Бірақ азаматтың құжаттары болмады. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші ішімдік ішкен. Көлік айып тұрағына салынды. Кейін 26 жасар қала тұрғыны көлікті ұрлап,айдап кеткен. Есіктер ашық, кілт оталдыру құлпында болған.

Ер адам жақын маңдағы ауылдардың біріне көлікті айдап кеткен. Жолда келе жатып рөлді басқара алмай,қар құрсауына батып қалды. Оған жол бойынан өтіп бара жатқан жүргізуші көмектесіп,көлігін қалаға жеткізбекші болды.

Павлодарлық мас күйінде көлік жүргізгені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің  608-бабы 6-бөлігі бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамау түрінде жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ер адам айдап әкеткен көлік үшін  сот алдында жауап береді.Әрекеттері үшін заңның барлық қатаңдығы бойынша жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру